Жастарды ұлтжандылыққа баулып, патриоттылыққа үйрету. Өңірдің білім ордаларында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылған шаралар легі басталып кетті. Кезекті іс-шара Заречный кентіндегі Ахмет Байтұрсынұлы мектебінде  ұйымдастырылды.  Онда  «Тәуелсіз елдің ұландары» атты саптық және әндер байқауы өтті.