Табанды еңбек қана қоғамды табысқа бастайды. Президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылының жариялануына орай облыста іс-шаралар легі басталды. Қостанайдағы колледждердің бірі концерттік бағдарлама әзірлеп, түлектермен кездесті. Іс-шарада жұмысшы мамандықтар дәріптеліп, үздік сала мамандары алғыс хатпен марапатталды.