Осыдан біршама жыл бұрын Тобыл-Торғай атырабы үшін теннис ойыны таңсық еді. Ал қазір жаңалық емес. Белсенді демалысқа ынтық жандардың көбі ракетка мен кордқа құмар. Әсіресе, Рудныйдағы заманауи теннис орталығы адамнан арылмайды. Тіпті, тағы бір теннис алаңын салу жоспарланып қойған.