Облыс бюджеті 1,6 есеге артқан. Нәтижесінде орташа жалақы мөлшері де еселенген. Өңір басшысының есебіне қарағанда, Қостанай атырабының әр саладағы көрсеткіштері ауыз толтырып айтарлық. Жұмыспен қамту, жыры бітпес жол мәселесі біршама ыңғайланған. 2024 жылғы межеміз нендей еді, ал жеткеніміз қандай? Әріптесім негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтеді.