Арқалықта соңғы отыз жылда тұңғыш рет балабақша бой көтереді. Ал Алтынсарин ауданында ауыз су мәселесі 100 пайызға шешілді. Облыстың небары 15 пайызы ғана көкотын қызығын көріп отыр. Газ тарту жұмысына жан бітеді, әкімдік әзірге Меңдіқара ауданына қатысты жобаны қолға алған. Газдандыру бойынша одан кейінгі кезекте Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарасу аудандары тұр.