Дәуірдің дамуына сай ауру түрлерін емдеудің жаңа тәсілдері пайда болып келеді. Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері күрделі оталарда пышақ тигізбей-ақ, сауықтырудың жолын тапқан. Бұл медициналық әдіс науқастардың дертінен тез арада құлан-таза айығып, аурудың асқыну қаупін төмендетуге жол ашпақ.