Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері заманауи технологияларды белсенді түрде қолдануда. Цифрландыру жобасын іске асыру аясында азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған сервистер өз жұмысын жалғастырып келеді. «Е-Өтініш» порталының мүмкіндіктерін арттыру мақсатында ведомство арнайы Telegram-бот жүйесін іске қосты. Бұл қандай жүйе? Жаңашылдықтың халыққа тигізер пайдасы қандай?