Мәжіліс депутаттары Қостанай облысының ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Отандық өнім өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері қандай, әлемдік нарықта қазақстандық бренд қалыптастыруда әр өңірге нендей міндет жүктеледі? Осы және басқа да сауалдардың жауабы депутаттар мен жұмысшылардың кездесуінде айтылды.