Ұлт зиялысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы биыл дүркіреп тұрып тойланбақ. Бұл туралы мәдениет басқармасының басшысы мәлім етті. Алаш арысының мерейтойына дайындық қазірден-ақ басталып кеткен. Ұйымдастырылатын іс-шаралар легі облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында баяндалды.