Мемлекет басшысының Жолдауында: «Біздің алдымызда еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан өңдеу секторын жедел дамытуға назар аудару қажет!» делінген. Осы ретте облыста орындалып жатқан міндеттер мен іске асып жатқан тың жобалар көп. Ортақ тапсырманың орындалу барысын бағамдау мақсатында өңір әкімі өндіріс ошақтарын аралады.