Кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде Қостанайда жыл басынан бері 34 жоба іске асырылды. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 104, млрд теңгеден асады. Шаһардың абаттандыру шаралары мен инфрақұрылымдық жағдайының жақсаруына кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуы тиіс. Бизнес субьектілері өкілдерімен кездескен қала әкімі Марат Жүндібаев осылай деді. Жиын барысында индустриалды аймақты дамыту, кәсіпкерлерге қолайлы климат қалыптастыру мәселелері қаралды.