Жалпы биыл елдегі пандемияға байланысты оқу процессі екі түрлі форматта ұйымдастырылды. Өңірдегі 493 мектепте 110 206 оқушы бар. Бүгінгі таңда 21 800 оқушы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде білім алуда. Ал 63557 бала қашықтықтан оқып жатыр.Олардың білім алуына барлық жағдай жасалуда.Үкімет есебінен сатып алынған компьютерлер обылыстың 8 ауданына жіберілді. Ал бүгін 650 дана техника Арқалық қаласына жөнелтілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген қаражатқа облыс мектептері үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету керек. Ол үшін«Қостанай-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен білім басқармасының өкілдерінен тұратын қоғамдық комиссия құрылды.
Бұған дейін жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 400 млн теңгеге 6 мың компьютер сатып алынған болатын. Ал қазан айында қосымша 13 600 ден астам компьютерлік техника жиынтығы жеткізіледі деп жоспарлануда. Осылайша, облыста қашықтықтан білім алып жатқан оқушылар арасында компьютер мәселесі толығымен жойылады деді облыстық білім басқармасының өкілдері.
Бауыржан Қасымқан