Мұрағат - халық жады. Ал сол жадыны сақтап, ұрпаққа аманаттау уақыт талабы. Бүгінде Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаттары осы жауапты міндетті заманауи үлгіде атқарып келеді. Соңғы бес жылда 430 мыңнан астам құжат цифрлық форматқа көшірілген. Олардың қатарында әкімшілік және ғылыми құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер мен бейнематериалдар, сондай-ақ облыс тұрғындарының жеке мұрағаттары бар.