Енді мемлекеттік тілге қатысты заң бұзушылықтар үшін тіл саласының мамандары әкімшілік жаза тағайындай алады. Яғни, мемлекеттік мекеме немесе қызмет көрсету орны қазақ тілінде ақпаратты дұрыс ұсынбаса, жауапты тұлғаға құзырлы орган өкілдерінсіз айыппұл салады. Бұл норма тіл заңнамасына енгізілген өзгерістерге негізделіп отыр. Бұл туралы «ЖИ және лингвистика: цифрлық синергия дәуірі» атты форум барысында айтылды.