Еңбекқор. Өз ісіне адал. Кәсіби маман. Шалғайдағы Амангелді ауданы Үштоғай ауылындағы электрик туралы жергілікті тұрғындардың ортақ пікірлері осындай. Ауыл көшелерінің самаладай жап-жарық боп, әр үйдің шамы жанып тұруы үшін Николай Авсиевич күндіз-түні тынбай еңбек етуге дайын. Жұмысы оңай болмаса да, таңдаған мамандығын мақтанышы санайтын жанмен тілшіміз кездесті.