Өңірдегі 4 ауданда: Жангелдин, Ұзынкөл, Сарыкөл және Федоровта суармалы алқаптар жоқ. Облыс орталығына іс-сапармен келген Ауыл шаруашылығы вице-министрі бұл олқылықты осы жылдан қалдырмай түзету керектігін атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, салаға бұрын-соңды бөлінбеген қаржы қарастырылған – 700 миллиард теңге. Сондықтан, биыл шаруасына мемлекет тарапынан демеу іздеп жүргендер жеңілдетілген көмекке қарық болады.