Қостанай қаласының мәдениет саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. Тиісінше бірқатар мәдени ошаққа жөндеу жүргізіліп, әртістердің шығармашылық дамуына көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда қалалық мәдениет мекемелерінің желісі 15 бірлікті құрайды. Оның ішіне 12 кітапхана мен 3 клубтық мекеме кіреді.