Көптен күткен жаңа жыл мерекесін де көзді ашып-жұмғанша өткеріп салдық. Қала тұрғындары жылдағы әдетпен сәндік үшін қойылған әсем безендірулерді жиыстырып, табиғи шыршаларды далаға тастап жатыр. Осы ретте қостанайлық оқушылар «Шыршаға екінші өмір сыйла» экоакциясын қолға алды. Балалардың ағаштарды кәдеге жарату бастамаларына Білім басқармасы қолдау білдірді.