Қостанай қаласында интернет-алаяқтық жыл санап өршіп келеді. Өткен жылы 760 факті тіркеліп, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллиард 154 миллион теңгеден асқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,6%-ға өскенін көрсетеді. Қостанай қаласы бойынша бір күнде жасалатын қылмыстардың 50%-дан астамы кибершабуыл әрекетіне тән.