Қостанай тек аграрлы өңір ғана емес, индустриалды-инновациялық даму бойынша көш басындағы аймақтардың бірі. Жастарға да мол мүмкіндіктер қарастырылған. Жыл басындағы ақжолтай жаңалық - араға 4 жыл салып, «Серпін» бағдарламасының қайта жандануы. Қостанай облысы 500-ден астам жастарды оқуға қабылдауға дайын.