Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан бастамалар өңір экономикасына ерекше серпін беріп келеді. Аймақ басшысы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін дұрыс пайдалану міндетін қойды. Ет, сүт өнімдерін өңдеуге ерекше назар аударуымыз керек, деді. Сол себепті, алдағы бірнеше жылда әр ауданда сүт-тауарлы ферма ашылуы тиіс. Бүгінде мұндай нысан Алтынсарин ауданында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарымен облыс әкімі танысты. Құмар Ақсақалов сондай-ақ, бірнеше әлеуметтік нысандарының ашылуына да қатысты.