«Үміт-2025». Қостанайда Қылмыстық атқару жүйесі департаменті жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында байқау ұйымдастырды. Қолөнер сайысына белсенділік танытқандар қатары қалың. Олар дайындаған түрлі бұйымдар көздің жауын алады. Іріктеуден өткендері жәрмеңкеде сатылып, жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.