Шетелде демалам деген арманы сағымға айналып, шәрменде күйге түсті. Қостанайда туристік компания 53 адамды алдап соғып, 40 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Египет, Түркия, Таиланд, Вьетнам және Қытайда демалғысы келген қостанайлықтар ақысын төлеп, алыс жолға қамданып, әуежайға келгенде, ешқандай турға тапсырыс болмағанын бір-ақ біледі. Олардың барлығы алдын ала брон жасағандарына шүбә келтірмеген. Полицияға алданған 53 адам шағым түсірген. Тексеру барысында, туристік компанияның брондауды растайтын құжаты жоқтығы анықталды. Бұл іске қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті жеке кәсіпкер ұсталды.