Шаруасы ширақ шағын шаһарда - үлкен той. Рудныйда бір күнде екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаңырап қалған ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстары осыдан екі жыл бұрын қолға алынған еді. Жоба нәтижесінде, жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асатын 11 үй жаңартылды. Қала тұрғындарын жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, моноқалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пәтер иелерімен кездесіп, қоныс тойымен құттықтады.