Қостанайдағы KIA зауыты биыл қазан айында толық іске қосылады. Ол жылына 70 мыңға жуық автокөлік құрастыруды жоспарлап отыр. Ал, алғашқы көлік сынақ режимінде осы жылдың шілде айында шығарылады. Айта кетейік, Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отыр.