Еңбек адамдарына деген құрмет жоғары болуы тиіс. Мемлекет басшысы 2025-ші жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, қоғамда нағыз маман идеясын насихаттау мақсатын қойды. Бүгінде облыста еңбегі елеулі жандар аз емес. Солардың бірі - қырық жылдан астам ғұмырын кондитерлікке арнаған Жанаркүл Ситенова.