«Қаламгер» көрерменімен қайта қауышты. Қайталанбас қайраткер Биімбеттің болмысын, тағдыр-талайын арқау еткен драмалық шығарманың премьерасы бес жыл бұрын болған. Биыл Би-ағаның 130 жылдығына орай қазақ театрының ұжымы драмасүйер көпшілікті кезекті мәрте қуантты. Қойылым осы жолы Майлиннің туған жеріндегі тойда шымылдығын түрді.