Жарты ғасырға жуық бапкерлік жолында ел намысын қорғайтын спортшыларды дайындаған. Ол балаларға тек дене шынықтыруды ғана емес, ерік-жігер мен қайсарлықты да үйретті. Аядай ғана спорт залынан әлемдік деңгейде бақ сынайтын чемпиондарды тәрбиелеп шығарған. Қостанайда міне осындай білікті бапкер бар. Ол кім дейсіз ғой?