Жалпыреспубликалық «Учаске» акциясы аясында, Тобыл өңірінде де рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді. Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы пәтерлерді аралап, құқықбұзушылық фактілерін тіркейді. Іс-шара барысында, есепте тұрған азаматтарды қатаң қадағалап, заңбұзушылыққа жол бергендерді анықтайды.