16-26 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында бокстан ел чемпионаты өтті. Додада жерлесіміз Надежда Рябец 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, облысқа олжалы оралды. Спортшыны туған-туыстары, достары және жаттықтырушылары салтанатты түрде қарсы алды.

Надежда Рябец – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы, үш дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының және жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері. Бұл чемпионат боксшының бір жарым жылдық үзілістен кейінгі алғашқы сайысы. Осы жеңіс арқылы Надежда әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың көшбасшысы атанды.