«Жас барыс - 2024». Осындай атаумен Қостанайда жастар арасында қазақ күресінен дәстүрлі облыстық іріктеу турнирі өтті. Жарыстың мақсаты – жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Облыстың 130-дан астам жас спортшылары байқауда бақтарын сынады. Сайыс жеңімпаздары республикалық турнирге жолдама алды.