Елімізде әрбір екі тұрғын үй құрылысының бірі үлескерлік жолмен салынуда. Қостанайда да бұл бағытта 2016 жылдан бері 35 үйдің құрылысына рұқсат берілген. Осы уақыт аралығында 32 нысан пайдалануға беріліп, қалған 3 үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары әлі жалғасуда. Дегенмен, салымшыдан ақша алуға ресми рұқсаты жоқ сенімсіз құрылысшылар да бар. Бұл жөнінде қала әкімінің қатысуымен өткен жиында сөз болды.