Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарабалық ауданында қуанышты жағдай көрініс тапты. Жергілікті жұрттың жайлы өмір сүруіне бағытталған демалыс және сауда кешенінің ашылу салтанатты өтті. Жеке кәсіпкер қаражаты есебінен ашылған жобаға жалпы сомасы 68 млн теңге жұмсалған. Аудан орталығынан қалашық ашқан кәсіпкердің бұл тұрғындарға жаңа жылдық тартуы болды. Дүйім жұртты дән риза еткен айтулы қуанышқа куә болған тілшімізге сөз кезегін берейік.