Қостанайлық ұстаздар кітап оқитын жастардың қатарын көбейту мақсатында өңіріміздегі тұңғыш комикс шығарды. Біртуар Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісін» негізге алған қазақ тіл мен әдебиетінің мұғалімдері шығарманы барынша ықшамдаған. Бірақ басты идеясы, мазмұны қаз-қалпында сақталған. Жобалары облыстық әкімдік тарапынан қолдауын тапты.