Қостанай облысында 492 ауыл бар. Оның 67 пайызы 4G сапалы интернетпен қамтылған. Өңірдегі ауылдық елді мекендерді сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жоба басталды. Бұл жоба облыстық әкімдік пен Beeline Қазақстан компаниясы арасындағы әріптестік нәтижесінде жүзеге асырылуда.