Мемлекет басшысы атап өткендей, біз «мықты өңір – мықты ел» қағидатына сай жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан біздің барлық іс-әрекеттеріміз ел экономикасының негізгі салаларын тұрақты түрде дамытуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бастысы халықтың өмір сүру сапасы мен жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған. Осы тапсырмаларды орындап, мемлекет ұстанған саясатты жүзеге асыру мақстында облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметі алаңында жылдың қорытындысын шығарып, есеп берді.