«Техникумнан училищеге дейін». Тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкийдің осындай атаумен жарық көрген кітабы Қостанай қаласының 145 жылдығына арналды. Туындының тұсаукесері Островский атындағы қалалық кітапханада өтті.
Жинақта автор архив деректеріне сүйене отырып, орта кәсіби білім беру саласының қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Тың топтаманың тұсаукесу рәсіміне студент жастар көп жиналды. Оған бірінші себеп - жастардың дені болашақ тарихшылар болса, екіншіден, өз өлкесінің өткен-кеткені мен ежелгі өмірін білу – азаматтық парыз саналады. Қаламгердің әріптестері де кездесуге шақырылды. Бұрын-соңды айтылмаған ақиқат, қағазға түспеген деректерді ғалымның аузынан естіп, ертеректегі ағарту саласының қыр-сырына қанықты.