Өңірде төтеншелік және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған алғашқы офицерлер балы өтті. Оның ұйымдастырылуына ұйытқы болғандар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен 6697 әскери бөлімі.
Облыста бірінші рет өткізілген офицерлер балы тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби қасиеттерді жеке таланттарды дамытумен үйлестірудің маңыздылығының жарқын көрінісі. Тұла бойды шырмаған сиқырлы сезім әуеніне бөленген жұптар вальсті ұршық иіргендей биледі. Бұл жолғы баллға 5 төтеншелік пен 5 әскери қызметші қатысты. Олардың қатарында офицерлік шенін енді алғандары да бар. Соның бірі бұрынғы лейтенант, қазіргі офицер – Бақытжан Анарқұлов.