Қостанайда өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті бұл күндері жеке секторларды аралап, пештердің мұржаларын тазалауда. Сол сияқты улы газды анықтайтын қондырғылар орнату жұмыстары да жалғасуда. Бұл, өрттің және ыстан уланудың алдын алуға септігін тигізеді. Жыл басынан бері облыста 26 адам өрттің салдарынан көз жұмған.