Антифрод орталығы құрылғаннан бері ел бойынша жүздеген алаяқтық фактісі анықталып, 40 млн теңгеге жуық қаражат бұғатталған. Ұлттық банк іске қосқан жүйе осылайша нәтиже бере бастады. Оның үстіне, көпшілік те кәнігі қулардың құрығына түсе бермейтін болған. Ақпараттандырудың үлесі осы болса керек.