Халық бірлігінің негізі – елімізді мекен еткен этнос өкілдерінің сана, сезімі мен бейбіт қоғам қалыптастыру жолындағы нық қадамдары. Көпұлтты Қазақстанда ауызбіршілік пен біртұтастықты насихаттау, диаспоралар арасында дүрдараздыққа, кикілжіңге жол бермеу – Ассамблея жанынан құрылған медиация кеңесінің де міндеті. «Қоғамдық келісім» мекемесі базасында өткен жиында этномедиация бағытында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.