Қостанай ауданының инфрақұрылымын дамытуда «Бәйтерек» және «Астана» шағын аудандары маңызды орын алады. Себебі, 176 гектар жерде 154 тұрғын үй бой көтереді. Қазан айының соңында басталған құрылыс жұмыстарымен облыс әкімі танысты.

Бүгінде іргетасы қаланған алаңға барлық қажетті заттар жеткізілген. Одан бөлек, 200 адам мен 40 техника жұмыс істеп жатыр. Қазір 10 үй салынуда. Келер жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ал, қазан-қараша айларында 9 қабатты тұрғын үй тұрғындарға табысталады, дейді мердігерлер.