Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Аймақ және қала басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындар алдында есеп берді. Қос әкім, 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы, негізгі капиталға салынған инвестиция мен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өскен.