Қостанай облысының әкімі қала тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ашық пікір алмасып, қордаланған мәселелер ортаға салынды. Құмар Ақсақалов қабылдау барысында тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, тиісті мамандар мен сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша ретіне қарай тездетіп шешуді тапсырды.
Қабылдауға жазылған тұрғындар білім беру, медициналық көмек көрсету, абаттандыру, жер телімдерін беру сынды мәселелерді көтеріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелері де тыс қалмады.