«Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Оған елдің түпкір-түпкірінен 200-ге жуық бала қатысқан. Үштен бірі – ерекше қажеттілігі бар балалар. Олар жеңіл атлетика, бочча және эстафета сайыстары бойынша өзара мықтыны  анықтады. Алғаш рет республикалық деңгейде өткізілген іс-шараны «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты ұйымдастырды. Мақсат – ерекше қажеттілігі бар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және олардың әлеуетін ашу.