Қазақстанда тәртіп сақшысы болуды армандайтын жастардың қатары қалың. Бұл сөзімізге Қостанай Академиясы өкілдерінің батыс өңірінде өткізген кездесуі дәлел. Орал қаласына арнайы барған мамандар құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан тобылдық кейінгі толқын өкілдерімен кездесіп, маңызды ақпаратпен бөлісті.