Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты өз Жолдауында жастар мәселесін қозғаған еді. Олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуын Мемлекет басшысы басым бағыттың бірі деп атап айтты. Осындай мәселелер «Аманат» партиясының жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңесінінің жиынында талқыланып, келер жылдың жоспары түзілді.