Облысымыздың оңтүстік өңірінде демографиялық даму деңгейі жоғары. Оның дәлелі ретінде балабақша кезегінде тұрған кішкентай тұрғындардың көптігін айтуға болады. Сұранысқа ұсыныс - пропорционал демекші, қалың бұқараның қалауы қанағаттандырылып, Жангелдин ауданының орталығы Торғай ауылында «Жылы ұя» жекеменшік балабақшасының есігі айқара ашылды.