Ұлттық құндылықтың ошағы ауылдан басталады. Мұны ескерген мемлекет те ауыл мәселесін естен шығарған емес. Оған экономикалық, әлеуметтік дамуын, әлеуетін көтеру бағытында қабылдап отырған бағдарламалар айқын айғақ бола алады. Бұл жобалар Жангелдин ауданында қалай жүзеге асып жатыр? Арқалықтан соң облыс әкімі арнайы атбасын бұрды.