Қыс мезгілі келгенде жылыту маусымы — кез келген өңір үшін аса маңызды мәселе. Әр ошақтың оты өшпей, жылуы сақталуы – жауаптылардың басты міндеті. Дегенмен, көңілге кірбің түсіретін кейбір коммуналдық ақаулар да кездесіп жатады. Дәл осы мәселелердің алдын алу үшін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жиын өтті.